386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жанат Жақиянов WBA (Super) және IBO чемпиондық атақтарын жеңіп алды

  • 764
  • UPD: 14:35, 11.02.2017

Кәсіпқой бокста ел мерейін асырып жүрген Жанат Жақиянов америкалық Роуши Уорренді жеңіп,  WBA нұсқасы бойынша «Супер чемпион», IBO тұжырымы бойынша чемпион атанды.

АҚШ-тың Огайо штатында өткен жекпе-жектің бірінші раундында нокдаун алып қалған жерлесіміз тез арада есін жиып, қарсыласынан басым түсті.

 

Айта кеткен жөн, Жанат Жақиянов жарақатына байланысты бір жыл бойы спорттан қол үзген болатын. Сондықтан жанкүйерлер жерлесімізді жеңіске жетеді деп ойламаған еді. Тіпті сарапшылар қазақстандық былғары қолғап шеберін жеңіледі деп болжаған. Алайда шаршы алаңға шыққан жерлесіміз жігерленіп, намысты қолдан бермеді.

Хабар 24 телеарнасы