388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жақиянов P4P рейтингінде екінші орынға көтерілді

  • 672
  • UPD: 15:16, 13.02.2017
Жақиянов P4P рейтингінде екінші орынға көтерілді

Жеңіл салмақта WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жанат Жақиянов (27-1, 18 КО) Boxrec.com порталы салмақ дәрежесіне қарамай тізетін боксшылардың әлемдік рейтингінде жоғары көтерілді.

Еске сала кетейік, өткен аптаның соңында Жақиянов АҚШ жерінде Роуши Уорренмен кездесіп, 12 раундтан кейін төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетіп, әлем чемпионы атағын жеңіп алған еді. Осылайша ол Boxrec.com порталы тізген рейтингте қазақстандық боксшылар арасында Шүменовті бір саты төмен түсіріп, екінші орынға көтеріліпті.

Ал тізімнің көш басында орта салмақтағы WBC, WBA, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин жайғасқан.

Үздік ондықтың ішінде бірінші ауыр салмақтағы Иса Ақбербаев (18-0, 13 КО), Қанат Ислам (22-0, 18 КО - бірінші жартылай орта салмақ), Жанкош Тұраров (20-0, 14 КО), Бахтияр Эюбов (11-0, 11 КО - жартылай орта салмақ), Батыр Жүкембаев (8-0, 7 КО - жартылай орта салмақ), Александр Журавский (13-2, 11 КО - жартылай орта салмақ) және Бекман Сойлыбаев (9-0, 4 КО - екінші орта салмақ) секілді боксшылар бар.

Айта кетейік, Boxrec тізімін компьютер жасайды. Тізімді жасаған сәтте қарсыластың рейтингі, төрешілердің соңғы шешімі деген секілді бірнеше фактор назарға алынады, деп жазады kaz.vesti.kz.

Хабар 24 телеарнасы