388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жанат Жақиянов белбеу саны жағынан тек Геннадий Головкинке жол беріп тұр

  • 675
  • UPD: 10:22, 15.02.2017

WBO тұжырымдамасы бойынша жеңіл салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов 28-кездесуінде жеңіске жетіп, IBO белбеуін иеленді. 

Осы олжаның арқасында Жанат қазақстандық кәсіпқой боксшылар арасында Геннадий Головкиннен кейінгі екінші орынға көтерілді. Солтүстікқазақстандық былғары қолғап шебері америкалық Роши Уорренді ұпай басымдығымен жеңді. Алғашқы раундта екі нокдаун алған отандасымыз кейіннен аяққа нық тұрып, қарсыласын тығырыққа тіреді. Жеңіл салмақта атой салған жерлесіміз туған жерге табаны тиісімен өзінің әдіс-тәсілімен бөлісті.

Жанат Жақиянов, кәсіпқой боксшы:

- Басында біздің тактикамыз алғашқы раундтарды тексеріп көру болды. Одан кейін прессингке көшеміз деп жоспарладық. Бірақ алғашқы раундта екі нокдаун алып қалдым. Одан кейін жиналып, жеңісті алып кеттім.

Хабар 24 телеарнасы