386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкин төрт белбеумен көш басында, Жақиянов – екінші

  • 480
  • UPD: 10:01, 14.02.2017
Головкин төрт белбеумен көш басында, Жақиянов – екінші фото: vesti.kz

Үздік үштікті Бейбіт Шүменов түйіндеп тұр.

33-жастағы кәсіпқой боксшы  Жанат Жақиянов (27-1, 18 КО) белбеуі саны жағынан тек Геннадий Головкинке жол беріп тұр, деп хабарлайды Vesti.kz.

GGG (36-0, 33 КО) орта салмақта WBC, WBA, IBF және IBO белбеулерінің иегері. Ал Жақиянов жеңіл салмақта WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы.

Айта кеткен жөн, Жанат Жақиянов бірер күн бұрын АҚШ-та жергілікті боксшы Роуши Уорренмен жұдырықтасты. Отандасымыз алғашқы раундта екі мәрте нокдаунға түскенімен, қалған уақытта жекпе-жектің тізгінін қолына алып, жеңіске жетті.

Үздіктер тізімін Бейбіт Шүменов (17-2, 11 КО) түйіндеп тұр. 33 жастағы былғары қолғап шеберіне бірінші ауыр салмақ дәрежесінде тұрақты әлем чемпионы атағы тиесілі.

Белбеуі бар өзге қазақстандық кәсіпқой боксшылар:

Қанат Ислам (22-0, 18 КО - бірінші жартылай орта салмақ) - WBO Inter-Continental, WBA Fedelatin;

Александр Журавский (13-2, 11 КО - жартылай орта салмақ) - WBO Oriental;

Бекман Сойлыбаев (9-0, 4 КО - екінші жеңіл салмақ) - WBC Eurasia Pacific Boxing Council, WBA-NABA USA;

Иса Акбербаев (18-0, 13 КО - бірінші ауыр салмақ) - Global Boxing Counsil белбеуі (Германия).

Хабар 24 телеарнасы