383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚХЛ: «Барыс» плей-офф кезеңіне жолдама алды

  • 616
  • UPD: 23:23, 14.02.2017

Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін Астананың «Барысы» өз айдынында Новосібірдің «Сибирь» командасын овертаймда 2:1 есебімен ұтып, келесі кезеңге жолдама алды.

Плей-оффке шығу үшін қарсыластар да барын салып бақты. Негізгі уақытта жеңімпаз анықталған жоқ. Ал овертаймда Кевин Даллмэн матч аяқталуға сәл қалғанда қарсыластар қақпасын дәл көздеп, «Барысқа» жеңіс әперді. Осы кездесуден кейін 89 ұпай жинаған «Барыс» Шығыс конференциясында бесінші орында тұр. Эдуард Замковец шәкірттері келесі ойынын 16 ақпан күні өз айдынында Новокузнецкінің «Металлург» командасымен өткізеді.

Хабар 24 телеарнасы