383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында шайбалы хоккейден турнир өтті

  • 611
  • UPD: 08:51, 20.02.2017

Павлодар облысының Ақсу қаласында шайбалы хоккейден турнир өтті.

Мұз айдынына өңірдің кәсіпорындарынан жасақталған командалар жиналды. Энергетиктер мен металлургтар құрамалары қала жұртшылығына кеңінен танымал. Биылғы бәсекеде хоккейшілер Металлургтар кубогы үшін таласқа түсті. Ақсу қаласының командасы қарсыластарын жаңадан ашылған «Жалын» хоккей кортында қарсы алды. Бұл биылғы жылы Ақсу қаласында хоккейден өтіп отырған алғашқы ірі жарыс.

Юрий Стрелец, хоккейден нұсқаушы:

-Бұл жарыста жеңілген команда ойыннан шығатын жүйемен өткізіліп жатыр. Жуық арада жеңімпаз командалар анықталады. Олар арнайы Кубокқа ие болады.

Константин Панченко, Металлургтар командасының мүшесі:

- Қазір зауыт еңбеккерлерінің көпшілігі спортпен айналысады. Хоккей біздің табиғатымызға жақын спорт. Өйткені екеуі де ауыр еңбекпен келеді. Сондықтан хоккейді  жақсы көреміз. Демалыс күнді төрт қабырғада өткізбей мұз айдынына келіңіздер, спортты сүйіңіздер.

Хабар 24 телеарнасы