386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкин мен сияқты мықты боксшымен әлі кездескен жоқ – Джейкобс

  • 729
  • UPD: 22:11, 21.02.2017
Головкин мен сияқты мықты боксшымен әлі кездескен жоқ – Джейкобс фото: © boxingscene.com

Джейкобс қазақстандық боксшыны сынға алды.

Орта салмақтағы WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы америкалық Дэниэль Джейкобс (32-1, 29 КО) WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпион Геннадий Головкинді сынға алды.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Оның айтуынша, Головкиннің жарнамасы кең тараған екен. Ал қазақстандық боксшы карьерасында тек әлсіз боксшылармен жұдырықтасыпты. Джейкобс GGG үшін бірінші айтулы сынақ болады-мыс.

«Мен өз мүмкіндіктеріме 100% сенімдімін. Жаттығу кезінде менің өзіме деген сенімім күннен-күнге артып келеді. Мен физикалық, психологиялық және тактикалық дайынмын. Әуесқой бокста Головкин 400-ден аса кездесу өткізген деген мәлімет бар екен. Ал мен әуесқой бокста 200 кездесу өткіздім. Сондықтан да менің де тәжірибем аз емес. Өз-өзіңе сену жеңістің жартысы.

Головкиннің командасы оның жарнамасын жасауда керемет жұмыс жасады. Бірақ оған қарсы карьераларын аяқтайын деп жүрген әлсіз боксшыларды шығарды. Олар орта салмақтың ең мықты боксшылары болмады. Сондықтан да Головкин олардың барлығын оңай жеңіп жүрді. Оны қазіргі таңда орта салмақта ең мықты боксшы деп санайды. Алайда, ол бұл атақты әлі мықты боксшылары қарсы дәлелдеген жоқ», - деп мәлімдеді Джейкобс.

Айта кеткен жөн, Головкин өзінің кезекті жекпе-жегін 18 наурызда Нью-Йорк қаласында өтеді. Ол орта салмақта WBA чемпионы Дэниэл Джейкобспен (32-1, 29 КО) шаршы алаңда жұдырықтасатын болады.

Хабар 24 телеарнасы