389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Джейкобс Головкинге қарсы жекпе-жек алдында салмақ тастайды

  • 399
  • UPD: 15:15, 25.02.2017
Джейкобс Головкинге қарсы жекпе-жек алдында салмақ тастайды Фото: BoxingScene.com

Америкалық кәсіпқой боксшы Дэниэл Джейкобстың (32-1, 29 КО) азықтану жөніндегі кеңесшісі әрі жаттықтырушысы Крис Алджиери WBA (Super), IBO, WBC және IBF белбеулерінің иегері Геннадий Головкинге (36-0, 33 КО) қарсы жекпе-жек алдында америкалық боксшының дайындығы жайын баяндады.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

«Тамақтың құрамына келер болсақ, мен әрқашан макарон және етті көбірек алуға тырысамын. Оның қандай тағамды жақсы көретінін білмеймін. Бірақ түскі асқа ақуыз бен көмірсуға бай тамақты беремін. Оған қоса қанның құрамындағы қанттың мөлшері бірқалыпқа келу үшін майлы тағамды қоса ұсынамын. Кейбір боксшылар жекпе-жек алдында мексикалық тағамды жегенді ұнатады, ал өзгелері италиялық ас мәзірін таңдайды. Біз әрқашан қанның құрамындағы қант пен натрийдің мөлшерін бақылап отырамыз. Бұл өз кезегінде денедегі ылғалдың ұзақ уақыт сақталуына жол ашады. Соңғы аптада Дэннимен күн ұзақ бірге боламын. Себебі оның дұрыс тамақтанып жүргеніне көз жеткізуім қажет. Оның барлық жаттығуларына қатысып отырамын. Сонымен қатар өзім де салмақ тастайтын боламын. Өйткені ол мұндай қиыншылықты тек өзі ғана бастан кешіріп жатқан жоғын түсіну қажет. Салмақ өлшеу рәсімінен соң және жекпе-жек күні оның дұрыс тамақтанып, қажетті мөлшерде су ішкенін бақылайтын боламын. Ол кездесуғе тас-түйін дайын болып шығады», - дейді Алджиери.

Айта кетейік, Джейкобс пен Головкин арасындағы жекпе-жек 18 наурыз күні Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden кешенінде өтеді. 

Хабар 24 телеарнасы