384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚХЛ: «Барыс» үшін плей-оффтың екінші кезеңі сәтсіз басталды

  • 555
  • UPD: 12:32, 10.03.2017

«Барыс» үшін плей-оффтың екінші кезеңі сәтсіз басталды.

Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін астаналық клуб бұл жолы Магнитагорск қаласының «Металлург» командасымен кездескен. Сырт алаңда өткен ойын 4:0 есебімен аяқталды. Бірақ бұл «Барыс» жарысты осымен аяқтады дегенді білдірмейді. Плей-офф кездесулері бір команда 4 рет жеңіске жеткенге дейін жалғасады. Сондықтан әзірге сериядағы есеп 1:0 және келесі матч тағы да Магнитагорскте өтеді. Ал 13 және 15 наурызда қос команда Астанада кездеседі.

Хабар 24 телеарнасы