387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Василий Левит кіші әлем чемпионатына қатысатын болды

  • 388
  • UPD: 15:18, 10.03.2017
Василий Левит кіші әлем чемпионатына қатысатын болды Фото: Voxpopuli.kz

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит кіші әлем чемпионаты саналатын Chemistry Cup турниріне қатысатын болды.

Бұл туралы Team LEVIT хабарлайды.

Кіші әлем чемпионатына баланатын турнир 13 және 18 наурыз күндері аралығында Германияның Галле қаласында өтеді.

Айта кетейік, бұл турнир Левит үшін Олимпиада ойындарынан кейінгі бірінші ірі жарысы болмақ.

Қазіргі уақытта ол Қазақстан ұлттық құрамасымен бірге бұл турнирге Германия жерінде дайындықтарын өткізіп жатыр. Левиттен бөлек, аталған додаға Қазақстанның тағы 9 боксшысы бақтарын сынайды, деп жазады Vesti.kz.

Хабар 24 телеарнасы