384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкин мен Джейкобс жекпе-жекке бір апта қалған кездегі салмақ өлшеуден өтті

  • 467
  • UPD: 18:32, 12.03.2017
Головкин мен Джейкобс жекпе-жекке бір апта қалған кездегі салмақ өлшеуден өтті http://www.boxingscene.com/ Головкин мен Джейкобстың салмақ өлшеу сәті

WBA (Super), WBC және IBF версиялары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы 34 жастағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен 30 жастағы американдық боксшы Дэниэл Джейкобс WBC ережесінің шарты бойынша жекпе-жекке 1 апта уақыт қалғанда салмақ өлшетті, деп хабарлайды Boxingscene.com.

Жалпы ережеге сәйкес, бұл кезде боксшының шайқасқа шығуға 7 күн қалғандағы салмағы 168 фунт (76,2 келіден) асып кетпеуі тиіс. Өлшеу нәтижесінде Головкиннің салмағы 162 фунт (73,5 келі) екені белгілі болды. Енді ол жекпе-жекке бір тәулік қалған кездегі ақырғы өлшеуге дейін небәрі 900 грамға арықтауы тиіс. Ал Джейкобс 167,8 фунт (76,1 келі) шықты, оның енді бір аптада 3,5 келі салмақтан арылуы керек.

Бір қызығы, шайқасқа 30 күн қалғандағы өлшеу кезінде Головкин небәрі 165 фунт (74,8 келі) болып, Джейкобс 174,8 фунт (79,3 келі) шығып, қарсыласынан едәуір ауыр болатын. 

Боксшылардың салмақтарын ресми түрде өлшеу жекпе-жекке бір тәулік қалатын күн - 17 наурызда болады.

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы