388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Сарыарқа» «Зауралье» командасына есе жіберді

  • 718
  • UPD: 13:23, 14.03.2017

Қарағандының «Сарыарқасы» да Қорғанның «Зауралье» хоккей командасына есе жіберіп алды.

Осылай жоғары лигадағы ширек финалда жолы болмады. Ойын барысында командалар екі шайбадан ғана алмасты. Қарағандылық Михайл Анисин, Олег Ломака, ал «Зауральядан» Никита Сироткин өз шеберлігімен көзге түсті. Бұл ойын сериясындағы есеп көрсеткіші 1:1. Шарт бойынша команданың біреуі 4 рет жеңіске жетуі тиіс. «Сарыарқа» келесі кездесуін наурыздың 16-сы күні Қорғанда өткізеді.  

Вадим Епанчинцев, «Сарыарқа» ХК бас жаттықтырушысы:

- Қарсылас команданы жеңісімен құттықтаймын. Біз бірінші айналымда жақсы ойын өрнегін көрсете алмадық. Плей-офф ойынында мұндай қателіктеге жол беруге болмайды. Ойыншылар қате шешім қабылдады. Екінші, үшінші кезеңдерде қанша ойыншылар барынша тырысты. Тіпті бір-бірімен келіспей де жатты. Қарсыластарымызды мойындаймыз. Енді жаттығуды күшейтіп, Қорғанда өтетін матчқа дайындаламыз.

Хабар 24 телеарнасы