386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейдің Олимпиада чемпионы қазақ балуандарын жаттықтырады

  • 497
  • UPD: 17:36, 15.03.2017
Ресейдің Олимпиада чемпионы қазақ балуандарын жаттықтырады

Еркін күрестен әлемнің бес дүркін чемпионы, үш дүркін Еуропа чемпионы, 2004 жылы Афинада өткен Олимпиада ойындарының чемпионы Хаджимурат Гацалов еркін күрестен Қазақстан ерлер құрамасының кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

2017 жылдың ақпан айында Қазақстан құрамасының тағы бір ресейлік бапкері Сергей Белоглазов қызметінен кетіп, оның орнына Әсет Серікбаев тағайындалған еді. Ал оның кеңесшісі қызметін дағыстандық Маирбек Юсупов атқарды.

Бүгін Қазақстан құрамасына Аланияның тумасы 34 жастағы Хаджимурат Гацаловтың кеңесші қызметіне келгені белгілі болды. Сондай-ақ Қазақстан құрамасына Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Маирбек Юсупов та ресми тағайындалды, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Хабар 24 телеарнасы