386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Джейкобстың салмағы Головкиннен сәл ауырлау болып шықты

  • 500
  • UPD: 23:49, 17.03.2017
Джейкобстың салмағы Головкиннен сәл ауырлау болып шықты twitter.com

Бүгін Нью-Йорк қаласында орта салмақта WBA (Super), IBO, IBF және WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен WBA regular чемпионы Дэниэл Джейкобс жекпе-жек алдында салмақ өлшеді.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Головкиннің салмағы 159,6 фунт (72,39 келі) болса, Джейбокстың салмағы 159,8 фунтты (72,48 келі) көрсетті. Осылайша қос боксшының салмағы 160 фунтқа дейінгі талапқа сай келді.

18 наурызда Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегі 19 наурызда Астана уақыты бойынша сағат 09:40-та басталады. Сағат 08:40-та рингке никарагуалық Роман Гонсалес пен Таиланд боксшысы Висаксил Вангек шығады. Ал сағат 07:50-де мексикалықтар Карлос Куадрас пен Давид Кармон жұдырықтасады.

Хабар 24 телеарнасы