384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкин: Жексенбідегі тәтті ұйқысын қиған барша жанкүйеріме көптен көп рақмет

  • 641
  • UPD: 11:12, 22.03.2017
Головкин: Жексенбідегі тәтті ұйқысын қиған барша жанкүйеріме көптен көп рақмет http://www.boxingnewsonline.net/

WBC, WBA (Super), IBF және IBO версиялары бойынша әлем чемпионы отандасымыз Геннадий Головкин американдық боксшы Дэниэл Джейкобсты басымдықпен жеңіп шыққаннан кейін инстаграмда жанкүйерлеріне алғысын білдірді.

«Маған сенім артқан және жеңісіммен құттықтаған барша жанкүйеріме алғыс білдіргім келеді. Сіздердің арқаңызда мына Нью-Йорктің өзімді туған қаламда жүргендей сезіндім! Маған бола осы жерге келіп, туымызды Madison Square Garden аренасының әр бұрышынан желбіреткендеріңіз үшін сіздерге рақмет. Ал мұхиттың арғы жағында отырса да, жексенбідегі тәтті ұйқысын қиып, маған қолдау көрсеткен тележанкүйерлеріме алғысым бөлек. Сіздер маған берген дем мен үшін өте маңызды және алыста болсаңыздар да, өздеріңізді жекпе-жек өтіп жатқан аренада отырғандай сезіне алдыңыздар деген үміттемін! Ізгі ниетпен, Геннадий Головкин».

Сондай-ақ кәсіби рингте қарсыластан қаймығып көрмеген боксшы қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтап, «біздің жаңа жылымыз жеңістен басталды» деді.

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы