387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогында 3 медаль алды

  • 416
  • UPD: 22:51, 03.04.2017
Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогында 3 медаль алды Сурет ҚДФ ресми сайтынан алынды

Ресейдің Тула қаласында жасөспірімдер арасында Еуропа кубогы аяқталды.

Бұл туралы Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі хабарлайды.

16 елден 362 спортшы қатысқан турнирге Қазақстан құрамасынан 35 жас дзюдошы сынға түсті, деп жазады Vesti.kz. Жарыс нәтижесі бойынша Қазақстан 1 күміс, 2 қола медальмен жалпыкомандалық есепте 6-орынға тұрақтады. 50 келі салмақ дәрежесінде ерлер арасындағы жекпе-жекте Давлятов Шерзод күміс қанжығаласа, 44 келі салмақта және 52 келіде өнер көрсеткен қыздарымыз Нәбиева Бибіхан мен Сәрсенова Мерует қоладан алқа тағынды.

Хабар 24 телеарнасы