389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан құрамасы Дэвис кубогын жеңіспен бастады

  • 384
  • UPD: 18:06, 07.04.2017

Қазақстан – Қытай арасындағы алғашқы ойында Михаил Кукушкин Диди Вудан басым түсті.

Кездесу 2 сағат 23 минутқа созылды. Қазақстандық теннисші алғашқы сетті оңай жеңгенімен, келесі кезеңде көп қателік жіберді. Алайда жанкүйерлердің алдында намысқа тырысқан отандасымыз 3, 4-сеттерде жеңіп шықты. Қорытынды есеп 3:1.

Қазақстан құрамасы алға шықты. Екінші ойында Дмитрий Попко Чжанг Цзеге қарсылас атанады.

Естеріңізге сала кетейік, Қытай мен Қазақстан арасындағы кездесу 3 жеңіске дейін жалғасады. Осы жұптың жеңімпазы Дэвис кубогының әлемдік тобына шығуға мүмкіндік беретін плей-офф кезеңіне жолдама алады.

Михаил Кукушкин, Қазақстан құрамасының мүшесі:

- Матчты өте сенімді бастағаныммен, кейінірек сәл қателіктерге бой алдырдым. Екінші сетте қарсыласым да қатты ойнап кетті. Алайда бар күшімді жинап, алғашқы жеңісті әпердім. Енді бар сенім әріптестерімде!

Хабар 24 телеарнасы