384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Джиу-джитсу: Ел спортшылары әлем біріншілігіне барады

  • 507
  • UPD: 16:28, 10.04.2017
Джиу-джитсу: Ел спортшылары әлем біріншілігіне барады

Бразилия джиу-джитсуының шеберлері ертең Абу-Дабиге аттанады.

Мұндағы әлем біріншілігінде қазақ елінің 53 спортшысы жас мөлшері мен салмақ дәрежесіне сай өнер көрсетеді. Дүниежүзілік додаға қатысатындар Астанада екі күн бойы қара белбеу, алтыншы дан иегері Алешандрэ Пайвадан дәріс тыңдады. Елімізге арнайы сапармен келген әлемнің төрт дүркін чемпионы қазақ спортшылары туралы жақсы хабардар екенін айтты. Тіпті әлемдік аренадаға жетістіктеріне де қанық екен.

Алешандрэ Пайва, қара белбеу, алтыншы дан иегері:

- Қазақ елінің спорттағы даңқымен жақсы таныспын. Қазақтар күрес түрлеріне бейім келетінін түсіндім. Сондықтан да Бразилия джиу-джитсуын оңай меңгеруде. Олимпиада ойындарында балуандарыңыз бен боксшыларыңыз үнемі жүлде алады. Демек жекпе-жек түрлеріне машық қанында болып тұр ғой.

Хабар 24 телеарнасы