384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Андре Уорд Геннадий Головкинмен жекпе-жекке өз талабын айтты

  • 460
  • UPD: 20:46, 15.04.2017
Андре Уорд Геннадий Головкинмен жекпе-жекке өз талабын айтты

Америкалық боксшы Андре Уорд қандай жағдайда Геннадий Головкинмен жұдырықтасуы мүмкін екенін айтты деп хабарлайды prosports.kz.

«Менің бапкерім Вирджил ойын анық жеткізе алмаған секілді. Мен екінші орта салмаққа ауыспаймын. Головкинмен жекпе-жек өткізуге тырысқанбыз. Бірақ кездесуге өткен жоқ. Мен сол кезде 168 фунтта, ол 160 фунтта өнер көрсетіп жүрген. Бұл жекпе-жек ол үшін пайдалы еді. Әрине екеуіміздің кездесуіміз тамаша шығар еді. Бір күні сол сәт туады деп үміттенемін. Ковалевпен жекпе-жегімізден бөлек, бокста болуы мүмкін кездесу осы. Ол салмағын көтерсе, қуанышты боламын. Бірақ мен өз салмағымды түсірмеймін», - деді Уорд SportsCenter-ге берген сұхбатында.

Хабар 24 телеарнасы