378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хильберто Рамирес Головкинмен қашан жұдырықтасатынын айтты

  • 662
  • UPD: 16:32, 19.04.2017
Хильберто Рамирес Головкинмен қашан жұдырықтасатынын айтты boxingnews.com

Екінші орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына ие мексикалық боксшы Хильберто «Зурдо» Рамирес (34-0, 24 KO) Геннадий Головкинмен қашан қолғап түйістіруі мүмкін екенін айтты деп хабарлайды Vesti.kz.

«Головкинмен өтетін жекпе-жек шындыққа жанасады. Мен онымен, ол менімен жұдырықтасқысы келеді. Біздің кездесу осы жылдың соңында, болмаса келер жылдың басында өтеді. Маған бұл жекпе-жек ұнайды әрі pound-for-pound жүйесінде үздік атанғым келеді. Мен жанкүйерлерге «Зурдо» Рамирес кім екенін танытатын боламын. Мен адамдарға бәрі де мүмкін екенін тағы бір дәлелдегім келеді. Алдымен 22 сәуір күні Макс Бурсакпен өтетін жекпе-жектен кейін осы туралы ойланатын боламын», - деді мексикалық боксшы Fight Hub TV-ға берген сұхбатында.

Осыған дейін екі боксшының кездесуі мүмкін екені туралы ақпараттар жарияланған еді.

Хабар 24 телеарнасы