383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шүменов пен Дортикос арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды

  • 502
  • UPD: 16:56, 19.04.2017
Шүменов пен Дортикос арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды

WBA (Regular) нұсқасы бойынша бірінші ауыр салмақтағы әлем чемпионы Бейбіт Шүменовтің WBA нұсқасы бойынша уақытша әлем чемпионы Юниер Дортикосқа қарсы жекпе-жегі қазақстандық былғары қолғап шеберінің жарақатына байланысты өткізілмейтін болды, - деп хабарлайды kazsporttv.kz-қа сілтеме жасап Vesti.kz.

Бұл туралы жекпе-жекті тікелей эфирде көрсетуі керек болған Бейбіт Шүменовтің менеджері хабарлады.

Айта кетейік, 30 сәуір күні Лас-Вегас қаласында өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде бірінші ауыр салмақта WBA (Regular) нұсқасы бойынша Әлем чемпионы Бейбіт Шүменов WBA нұсқасы бойынша бірінші ауыр салмақ санатындағы уақытша әлем чемпионы Юниер Дортикосқа қарсы жекпе-жек өткізуі керек еді. Аталған кездесуде WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы сарапқа салынауы керек болаты.

Хабар 24 телеарнасы