384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хильберто Рамирес не үшін Головкинмен кездескісі келетінін айтты

  • 478
  • UPD: 16:04, 24.04.2017
Хильберто Рамирес не үшін Головкинмен кездескісі келетінін айтты boxingscene.com

Екінші орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы, мексикалық Хильберто Рамирес (35-0, 24 KO) орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0, 33 КО) не үшін кездескісі келетінін айтып берді, - деп жазады vesti.kz.

«Мен Головкинді жекпе-жекке шақырдым. Өйткені мен онымен жұдырықтасқым келеді. Мен үшін ол pound-for-pound жүйесі бойынша әлемдегі мықты боксшылардың бірі болып саналады. Біз жекпе-жекті ұйымдастыра алатынымызға сенімдімін. Мен оны жақсы білемін, біз онымен Big Bear лагерінде бірге жаттығу жасадық. Бірақ біз спарринг өткізген жоқпыз. Ол да мені жақсы біледі. Менің онымен кездескім келетінімді біледі», - дейді Рамирес Fight Hub TV арнасына берген сұхбатында.

Еске салайық, Головкин Джейкобсқа қарсы белбеулерін сәтті қорғағаннан кейін, мексикалық боксшы отандасымызды жекпе-жекке шақырған еді.

Хабар 24 телеарнасы