385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан құрамасы Мәскеуден 14 медальмен оралды

  • 1138
  • UPD: 12:41, 25.04.2017

Мәскеуде қоян-қолтық ұрыстан IV әлем чемпионаты аяқталды. Байрақты бәсекеде жерлестеріміз жақсы нәтиже көрсетті.

27 мемлекеттен келген 187 спортшының арасында Қазақстан құрамасы 4 алтын, 4 күміс, 6 қола медаль еншіледі. Бас бапкер Мереке Жүсіпов дайындаған отандастарымыз жалпы командалық есепте тек ресейлік спортшылардан ғана қалып қойды. Құрама команданың жоғарғы нәтижеге ие болуына Ақмола облысының спортшылары көп үлес қосты. Атап өтер болсақ, олар – Рахметолла Сатыбалдиев, Роза Қалиева және Алина Әшімова. 

Сағын Қазбек, қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионы: 

- Өзіміздің, яғни Қазақстанның спортшыларын айтар болсам, олар әлемдік деңгейде өте жақсы өнер көрсетті. Биік белестерді бағындырдық. 4 алтын алып келдік. Осының барлығы Құдайдың, сосын жаттықтырушылардың арқасы ғой.

Хабар 24 телеарнасы