383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Рамирестің келесі қарсыласы Головкин болуы мүмкін

  • 420
  • UPD: 22:05, 28.04.2017
Рамирестің келесі қарсыласы Головкин болуы мүмкін Boxingsider.com

Рамирестің келесі қарсыласы Головкин немесе Джесси Харт болуы мүмкін, - дейді боксшының промоутері. Екінші орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Хильберто Рамирестің (35-0, 24 KO) менеджері Гекто Запари мексикалық боксшының алдағы уақытта қарсыласы кім болып қалуы мүмкін екенін айтып берді.

Рамирес өзінің соңғы кездесуін 22 сәуір күні АҚШ-та өткізіп, украиналық Максим Бурсактан (33-5-1, 15 КО) үстем түсті. Осылайша ол WBO тұжырымының чемпиондық атағын бірінші рет қорғап қалды, деп жазады vesti.kz.

Запаридің айтуы бойынша, оның алдағы қарсыласы америкалық Джесси Харт (22-0, 18 КО) немесе қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) болуы ықтимал. Промоутер Головкинді қарсылас ретінде тек мексикалық боксшы салмағын жоғарылататын болса қарастырады екен.

«Біз қазіргі уақытта Рамирестің келесі жекпе-жегі туралы келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Промоутермен әлі кездескен жоқпыз. Оның келесі қарсыласы туралы айтатын болсақ, оның Джесси Хартқа қарсы міндеттелген жекпе-жегі бар. Егер 168 фунтқа өтетін болсақ, Головкин де болып қалуы ықтимал. Бірақ оның барлығы әлі нақтыланған жоқ», - дейді Запари Noroeste.mx басылымына берген сұхбатында.

Хабар 24 телеарнасы