376,17 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилиялық джиу-джитсудан балалар арасында үздіктер анықталды

  • 655
  • UPD: 15:09, 30.04.2017
Бразилиялық джиу-джитсудан балалар арасында үздіктер анықталды

Алматыда бразилиялық джиу-джитсудан балалар арасында ArlanGripSelection ашық халықаралық турнир өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Ақпаратты-спорттық хаб.

7-17 жастардағы спортшылар өз салмақтарына сәйкес белдесті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен, көршілес елдерден 270-ке жуық спортшы алып шаһарда бас қосты.

Жеткеншектердің жастарына қарамастан, олардың физикалық дайындығы жоғарғы деңгейде. Қатысушылар өз техникалық білімдерін тәжірибиеде қолданып, жүйрік, жылдам екенін дәлелдеді.

Қуаныш Айсен бразилиялық джиу-джитсудан Arlan Grip Selection турнирінің жеңімпазы:

- Бұл жеңіс күтпеген жерден болды, жеңемін деп ойлаған жоқпын. Жалпы мен төрт кездесуді жеңіліссіз өткіздім. Финалдық белдесу алдыңғыларымен салыстырғанда әлдеқайда қиындау берілді. Менің соңғы қарсыласым кішкентай болғанымен, өте мықты болды. Мен «гардқа кіру», «үшбұрыш», «армбар» және «қылқындыру» әдістерін қолдандым.

Айта кетейік, «Арлан Грип Арена» боз кілемінде ұлдармен қатар қыздар да сынға түсті. Бойжеткендер ұлдардан кем еместігін, бразилиялық джиу-джитсудың нағыз шеберлері екендігін айқын көрсетті.

Элина Лянгузова бразилиялық джиу-джитсуданArlan Grip Selection турнирінің жеңімпазы:

 

- Алғашқы кездесулер оңай берілді. Алайда соңғы қарсыласым өзім жаттығатын клубтан болғандықтан, кішкене қиындау болды. Менің ойымша, джиу-джитсу серпінді дамып келе жатқан спорт түрі. Бразилиялық джиу-джитсумен шұғылдану қыздарға пайдалы. Осы спорт түрімен айналысатын қыздар рухани бай деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы