388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің ең үздік жас велошабандоздары Астанада бас қосты

  • 486
  • UPD: 17:54, 06.05.2017

Еліміздің ең үздік жас шабандоздары бүгін Астанада өзара мықтыны анықтады. Велоспорттан Олимпиалық даярлау орталығының турниріне 100-ге жуық спортшы қатысты.

Жарыстың алғашқы күні ерлер 24, ал қыздар 10 шақырым қашықтықта сынға түскен. Араларынан қызылорладық Бауыржан Жаппарұлы, қарағандылық Андрей Налейвайко және қостанайлық Денис Бурнашовтар үздік атанды. Ал қыздар арасында астаналықтар алдына жан салмады. Енді ертең дәл осы спортшылар алыс қашықтықта бас жүлдеге таласады.

Динара Елубаева, Олимпиадалық даярлау орталығы бөлімінің жетекшісі:

- Кім біледі дәл осы өрендердің арасында ертеңгі Олимпиада чемпиондары бар шығар. Сондықтан біз осындай жарыстарды жиі өткізуге тырысамыз. Тіпті балалар арасындағы турнирлерді де ұйымдастырып тұрамыз. Кейін ең мықты дегендері Ұлттық құрамаға ілігіп, халықаралық және әлемдік додаларда ел намысын қорғауға мүмкіндік алады.

Хабар 24 телеарнасы