386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда Жақсылық Үшкемпіров жүлдесі үшін жарыс басталды

  • 869
  • UPD: 08:01, 07.05.2017

Алматыдағы «Халық аренада» грек-рим күресінен айтулы жарыс басталды.

Мәскеу олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкеміровтің жүлдесі үшін өтіп жатқан халықаралық турнирге Армения мен Грузия, Оңтүстік Корея мен Әзербайжан, Венгрия мен Франция, Ресей мен Германия және Қырғызстан мен еліміздің барлық аймағынан 200-ден аса балуан қатысады. Жастар мен жасөсіпірімдер 8 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсіп жатыр. Кеше боз кілемге 50, 60, 74 және 96 келідегі спортшы көтерілді. Салауатты өмір салтын насихаттап, жастар арасында грек-рим күресіне деген қызығушылықты арттыру мақсатында ұйымдастырылған турнир жексенбі күні аяқталады.

Жақсылық Үшкемпіров, Олимпиада чемпионы:

- Біздің бала кезімізде мұндайды армандағанбыз, бірақ көрген жоқпыз. Қазір міне егеменді ел, тәуелсіз мемлекет деген осы. Сондықтан бүкіл жастарға айтарым да берер батам да осындай, өзіміз сияқты әлемнің олимпиада чемпионы шықса деп солардан үміт күтемін. Бүкіл халық болып, ел болып сол жастарға мінеки құрмет көрсетіп жатырмыз. Оның барлығы қазақ елінің бүкіл дүние жүзіне аты шығуына үлкен тілек қосамыз бәрімізде.

Хабар 24 телеарнасы