389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда ҰҚК қызметкерлерінің спартакиадасы ұйымдастырылды

  • 702
  • UPD: 11:08, 08.05.2017

Талдықорғанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің аймақтық спартакиадасы өтті.

Дәстүрлі  жарысқа Алматы облыстық және Алматы қалалық департаменті мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік қомитеті Академиясының командалары қатысты. Шара аталған ведомствоның құрылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Сайыс волейбол, шағын-футбол, жүзу, тапанша ату, қоян-қолтық ұрыс сияқты спорттың 5 түрі бойынша өтті. Үш күнге созылған жарыс қорытындысында Алматы облыстық Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Департаментінің командасы жеңімпаз атанды.

Кеңес Бабаев, облыстық ҰҚКД ардагерлер алқасының төрағасы: 

- Алматы, Талдықорған қаласынан 3 команда келіп отыр. Соның жеңімпаздары Астанаға барып, финалға қатысады. Енді спорт деген жұмысқа керек нәрсе.

Хабар 24 телеарнасы