384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада Жеңіс күніне арналған жеңіл атлетикадан эстафета өтті

  • 831
  • UPD: 13:59, 09.05.2017

Оған мыңға жуық мектеп оқушысы мен студент қатысты. Спорттық шара Кенесары, Әлия Молдағұлова және Жеңіс даңғылдарының бойында ұйымдастырылды.

80-ге жуық команданың әрқайсысы 14 кезеңнен тұратын бағытты жарты сағат ішінде жүгіріп шықты. Айта кетейік, Ұлы Отан соғысына арналған жарыстар елімізде 1952 жылдан бері өткізіліп келеді. Жыл сайын оған қатысатындар саны да артуда. Барлық жеңімпазға сыйлықтар табысталды.

Дәулет Хамзин, төреші:

-Бүгінгі күнде жеңіл атлетикаға көңіл бөлетіндер қатары артты. Мектептер арасында Президенттік сайыстарға қатысатындар көп. Жаз бойы жеңіл атлетикадан жарыстар өткіземіз. Барлығы қатысады.

Әлия Еркінбек, қатысушы:

-Біз бұл жарысқа 4 күн дайындалдық. Қанша шаршасақ та, өзімізді жеңіске қарай итермелеуге тырыстық. Бұл сайысқа қатысқанымыз үшін қуанамыз. Себебі біз осы жарыс арқылы ардагерлерді, ата-аналарымызды қалай құрметтейтінімізді білдіре аламыз.

Хабар 24 телеарнасы