384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Альварестің промоутері Головкинмен қыркүйектегі кездесудің кейбір мәліметтерін жариялады

  • 802
  • UPD: 11:04, 10.05.2017
Альварестің промоутері Головкинмен қыркүйектегі кездесудің кейбір мәліметтерін жариялады (с) The Sun

Бірінші орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы, мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестің (49-1-1, 34 КО) мүддесін қорғап жүрген Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының иесі Оскар Де Ла Хойя орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (37-0, 33 КО) болатын алдағы жекпе-жектің кейбір мәліметтерін жариялады, - деп хабарлайды vesti.kz.

«Бірден айтайын, бұл нағыз орта салмақтағы (160 фунт) жекпе-жек болады. Екі жігіт те он унциялық былғары қолғаптарда жұдырықтасады. Регидратация туралы пунк те оған қатысты мәселе де жоқ», - деді Де Ла Хойя ESPN телеарнасының First Take бағдарламасының тікелей эфирінде.

Геннадий Головкин (37-0, 33 KO) және мексикалық Сауль «Канело» Альварестің (49-1-1, 34 KO) командалары боксшылардың жұдырықтасатын орны бойынша келісімге келді. Бұл жекпе-жек Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында 16 қыркүйекте өтетін болды. Бұл күнгі бокс кешін Невада штатының Атлетикалық комиссиясы қадағалайтын болады. Бұл ақпаратты комиссия өкілдері де растап отыр.

Головкин-Альварес жекпе-жегіне қазақстандықтың барлық атағы тігіледі (WBC, WBA (Super), IBF және IBO белбеулері). Боксшылар рингте тұрып көз арбасып та үлгерді.

Хабар 24 телеарнасы