384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада 19 мамырда Fight Nights Global жекпе-жектері өтеді

  • 528
  • UPD: 18:03, 18.05.2017

Ертең «Барыс-Аренада» аралас жекпе-жектен Fight Nights Global сайысы өтеді.

Халықаралық жарыста қазақстандық сайыпқырандар Ресей, Франция, Ұлыбритания, Тәжікстан және Аргентинаның білекті жігіттерімен кездеседі. 65-мерейтойлық сында екі чемпиондық атақ сарапқа салынады.  

Қазақстандық аралас жекпе-жек шеберлері Сәбит Жүсіпов, Жасұлан Әкімжан және Сұлтан Қиялов Еуразия құрлығындағы ең ірі ұйым Fight Nights Global келісімшартына қол қойды. Енді олар әлемнің үздік бестігіне кіретін промоутерлік компания аясында сынға түседі. Алғашқы сайыс 19 мамырда Астанадағы «Барыс-Аренада» өтеді.

Жасұлан Әкімжан, аралас жекпе-жек шебері:

- Әлемдік промоушн болғандықтан әлсіз қарсылас болмайды. Барынша дайындаламыз, өнерімізді көрсетеміз. Бұған біз бұрыннан келе жатырмыз ғой. Осы келісімшартқа, үлкен спортқа өзіміз арнайы мақсатпен келе жатырмыз. Ешқандай қорқыныш жоқ. 

Жұманың кешінде елорда төрінде аралас жекпе-жектен 10 кездесу өтеді. Қазақстандық спортшылар Ресейден бөлек, Франция, Аргентина, Ұлыбритания және Тәжікстанның жұдырықты жігіттерімен шеберлік байқасады.    

Сұлтан Қиялов, аралас жекпе-жек шебері:

- Жеңетініме сенімдімін. Тіпті жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтасам деген жоспар бар. Спорттағы жолымды бокстан бастадым, қазір тай боксымен айналысып жүрмін. Әскери самбоның да қыр-сырымен таныстым.

«Барыс-Аренадағы» жекпе-жек кешінде екі бірдей чемпиондық атақ сарапқа салынады. 57 келі салмақта қазақстандық Жалғас Жұмағұлов ресейлік Вартан Асатрянмен сайысқа түссе, 77 келіде жерлесіміз Георгий Кичигин мен орыс спортшысы Гаджимурат Хирамагомедов ұйымның чемпиондық белбеуіне таласады.

Авторы: Қанат Базылхан

Хабар 24 телеарнасы