ЭКСПО қарсаңында елордада жаңадан Shuttle Bus бағдары енгізіледі

Бұл қала ішінде жолаушыларды қажетті жеріне жылдам жеткізу мақсатында  жасалып отыр. Shuttle Bus халық жиі шоғырланатын ойын-сауық сауда орындары мен ЭКСПО бағытына қатынайды. Орташа есеппен 8 аялдамаға ғана тоқтайтын болады.

Бұл бағдар бойынша Қостанайда құрастырылған  Iveco Urban-way маркалы автобустары қызмет көрсетпек. Аталған қоғамдық көлік  дизель отынымен және  аккумлятормен де жүреді. Астанаға мұндай  380 автобус әкелінді. 

Сонымен қатар маусымның 3-нен бастап Bus Lane жолағы бар тағы 13 учаске іске қосылады. Осылайша, мұндай жолақтың саны 24, ал жалпы ұзындығы 79 шақырымға жетеді. Айта кетелік, 3-ші маусымнан бастап  таңғы сағат 6-дан түнгі 23.00-ге дейін салмағы 3,5 тоннадан асатын ауыр жүк көліктеріне  қаланың ішінде жүруге шектеу қойылды. Бұл тыйымның қала тазалайтын коммуналдық техникаларға қатысы жоқ.

Әбдіхамит Тамабаев, жолаушылар тасымалдау қызметінің  маманы:

-«Алай», «Сапаржай», «Кеңмарт» хабы мен одан басқа 14 қарсы алу тұрақтары мен ЭКСПО маңына тез жеткізу мақсатында 7 Shuttle Bus маршруттары іске қосылатын болады. Оның қызмет көрсетуі экспресске ұқсас. Аялдамаларының саны барынша азайтылған. Жол жүру ақысы – 150 теңге.