386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қанат Ислам мен Норберто Гонсалес салмақ өлшеу рәсімінен өтті

  • 656
  • UPD: 16:03, 26.05.2017
Қанат Ислам мен Норберто Гонсалес салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам мен оның мексикалық қарсыласы Норберто Гонсалес салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті, деп хабарлайды prosports.kz.

Қос боксшы да бірінші орта салмақ дәрежесінің лимитінен аспады:

Қанат Ислам - (153.8 фунт) 69.7 келі;

Норберто Гонсалес - (154 фунт) 69.8 келі.

Естеріңізге сала кетсек, екі боксшы арасындағы жекпе-жек ертең Майами қаласында өтеді. Аталмыш жекпе-жекті «Қазақстан» және Kazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы