Шымкентте стенд атудан Қазақстан жастарының ойындары қыза түсті.
Жүзге тарта спортшы нысанаға дәл тигізу бойынша өз шеберліктерін сынап жатыр. «Байрақты бәсекеде жеңістен үміткерлер арасында жаңа есімдер де болуы мүмкін», – дейді төрешілер. Өйткені бұл сайыс – жастар құрамасын жасақтауға іріктеу турнирі. Жарысқа қатысушылардың барлығы мықты. Арасында чемпиондар, Азия ойындарының жүлдегерлері мен ірі халықаралық біріншіліктерде топ жарған спортшылар да бар. Жеңімпаздардың есімдері маусым айының 5-інде белгілі болады.
Әсем Орынбай, 28-ші Бүкіләлемдік жазғы Универсиаданың қола жүлдегері:
- Қарсыластарым өте мықты, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген өте мықты спортшылар және қатысушылар да өте көп. Бәрі ойдағыдай. Алдағы уақытта Асанов атындағы Гран-при жарысы өтеді. Одан кейін Астанада Азия чемпионаты болады. Соған дайындық жасаудамыз.