389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда «Арманға жол» марафоны өтті

  • 720
  • UPD: 22:28, 05.06.2017

Қарағанды қаласында «Арманға жол» атты жартылай марафон өтті.

Ауқымды шараны қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Жеңіл атлетика федерациясы бірлесе ұйымдастырды. Қашықтығы 21 шақырымдық аламанға қатысушылар саны биыл әлдеқайда көп. Желаяқтар сапында  еліміздің басқа облыстарынан келген үздіктер де аз емес.

Марафонды 10 жасқа дейінгі «Балапан» командасы бастады. Балғындар 1 шақырым қашықтықты жүгіріп өтіп, эстафетаны 16 жасқа дейінгі жеткіншектерге тапсырды. «Спутник» командасының желаяқтары 10 шақырымды еңсеріп, жарыс жалауын кезекті 21 шақырымды бағындыратын ересектерге тапсырды. Биылғы жартылай марафонға 5000-нан астам адам қатысты.

Сайлау Исақов, марафонға қатысушы:

- Бүгінгі осындай керемет шараға қуаныштымыз. Елбасымыз айтқандай, саламатты өмір салтын сақтау деген осыдан басталады. Бүгіннен бастап біз арманға жол салдық.

Марафонның жалпы жүлде қоры – 2 млн теңге. Бұл қаражат мәреге алғаш болып жеткен үш желаяққа беріледі. Биыл республиканың басқа қалаларынан келгендердің саны артқан. «Олардың арасында жеңіс тұғырына көтерілгендер де бар», дейді ұйымдастырушылар. Қалай дегенмен жарыс желаяқтарға қуаныш сыйлады.

Ернар Рахымбаев, марафонға қатысушы:

- Ұйымдастырушыларға рақмет. Басқаралармен емес, өзіммен жарыстым, қатысқаныма қуаныштымын, егер жылда болса, жылда қатысуға келісемен.

Жарыс жеңімпаздарын өңір әкімі Ерлан Қошанов пен атақты марафоншы Марат Жыланбаев марапаттады.

Айта кетейік, жарысқа спортты жанына серік еткен аймақ басшысы да қатысты.

Авторлары: Айнұр Абдиева, Сайлау Игликов, Асет Асайынов

Хабар 24 телеарнасы