389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Боксшы А.Шәрібаев EXPO аясында өтетін жекпе-жекке дайындықты бастады

  • 447
  • UPD: 14:24, 17.06.2017

Кәсіпқой боксшы Айдар Шәрібаев жаттығу жұмыстарына қайта кірісті.

Жерлесіміз жақында жетінші жекпе-жегін өткізеді. Отандық Diamond Ring промоутерлік компаниясы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында тамыз айына жоспарланған үлкен жарыс өткізуді жоспарлап отыр. Осы кеште Айдар Шәрібаев чемпиондық белбеу үшін шаршы алаңға шығады. Қарсыласы әзірге белгісіз. Естеріңізге сала кетейік, Айдар кәсіпқой бокста 6 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 5 жекпе-жекте қарсыластарын нокаутқа жіберген. Енді санаулы күндерден соң жерлесіміз мұхит асып Майамиде оқу-жаттығу жұмыстарын бастайды.

Айдар Шәрібаев, кәсіпқой боксшы:

- Кәсіпқой бокстың дайындығы ол жақта шыңдалған. Шындығын айтқанда, біз әуесқой бокста айтарлықтай дәрежеге жеттік, айтарлықтай чемпиондарымыз бар, бірақ кәсіпқой бокста әлі де Америка Құрама Штаттарынан үйренетініміз көп. Сол себепті біз сол жаққа барамыз.

Хабар 24 телеарнасы