Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 142
387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда алғашқы түнгі велошеру өтті

  • 480
  • UPD: 15:08, 18.06.2017
Алматыда алғашқы түнгі велошеру өтті Motor.kz

Бұл ауқымды спорттық шара 3000-ға жуық әуесқойлардың басын сегізінші мәрте қосты. Велошабандоздар 9 шақырымды жүріп өтті. 

Велошеру Әл-Фараби даңғылынан басталып, Бірінші Президент саябағында аяқталды. Мәреде қатысушылар бағалы сыйлықтар ойнатылатын лотереяға қатысты. Әдеттегідей әуесқойлардың бірі басты сый велосипедтің иегері атанды. Бүгін Дәулет Ермановтың сәті түсіп, ол бағалы сыйдың иегері атанды.

«Мен жолда велосипедпен серуендеп жүргенмін, велошеру өтіп жатқанын білмедім. Осыншама адам санын көріп, қатысайын дедім. Бүгін қаланың барлығы қатысып жатқан сияқты. Мен өзім марафонға қатысамын, күн сайын жүгіремін. Менің өз велосипедім бар, ал жаңасын досыма сыйлаймын. Енді әр жексенбі сайын велошеруге қатысатын боламын», – деп өз әсерімен бөлісті Дәулет.

Айта кетсек, осы велошеру «Спорттық Алматы» жобасының қолдауымен осымен сегінші мәрте өткізілді. Жалпы осы жылы 21 велошеру жоспарланған. Бағдарлама Алматыда бұқаралық спорттың дамуына, белсенді спорттық тынығуды елге танытуға бағытталған.

Дереккөз: prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы