383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Балалар арасындағы футбол жарысының жеңімпаздары «Челсимен» кездесуге аттанады

  • 764
  • UPD: 15:04, 21.06.2017

«Арманыңа жақында». Алматыда балалар үйлерінің тәрбиеленушілері арасында шағын футболдан өтіп жатқан дәстүрлі доданың ақтық кезеңі басталды. Іріктеу сындарынан іркілмей өткен 12 команда енді өзара мықтыны анықтайды. Жеңімпаздар Лондонға берілетін жолдамаға иелік етеді.

Ата-ана мейріміне зәру балалардың көңілін сергітіп, оларға рухани тәрбие беріп, салауатты өмірге бейімдеу мақсатында «Бауыржан» қайырымдылық қоры 2013 жылдан бері футбол жарысын ұйымдастырып келеді. Осы сында олжа салғандар Барселона, Милан, Бавария, Атлетико секілді Еуропаның ең танымал клубтарында болып қайтты. Биылғы жеңімпаздар Лондонға барып, «Челси» ойыншыларымен  жақынырақ танысады.

Гүлзат Сахова, үйлестіруші: 

- Осы біз жетім балалар арасында іріктеп ден қойғанымыздың себебі оларға жақсы бір көңіл бөліп, яғни оларды да арасынан көптеген дарынды балалар болашақ футболистер шығатынына сенеміз.

«Жарыс деңгейі жылдан жылға жоғарылап келеді»,- дейді мамандар. Бәсекелестік өте күшті. Осы турнирге бесінші рет қатысып отырған Тараздың «Тұлпар» командасы былтыр финалда сүрінген. Биыл бас жүлде алсақ деп отыр.

Ербол Бектіғұлов, «Тұлпар» командасының бас бапкері:

- Жас балалардың деңгейі жақсы, өте жақсы. Болашақ еліміздің намысын қорғайтын жігіттер осылардың арасынан шығады деп ойлаймын.

Финалдық кезеңге жолдама алған командалардың барлығы жүлдесіз қалмайды. Түрлі аталымдар бойынша сыйлықтар алады. Сондай-ақ жарысқа қатысушыларға арнап мәдени бағдарламалар да қарастырылған. Мәселен, олар  Қайрат пен Ордабасы арасындағы ойынды тамашалап, бос уақыттарында кино, аквапарктерге барып серуендейді. 

Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Айдар Әбдешов

Хабар 24 телеарнасы