Әйгілі компанияның төрағасы Астанадағы ЭКСПО-ны көруге асығып жүр

Астанада өтіп жатқан халықаралық көрмені британдық бизнес қауымдастық өкілдері жоғары бағалап отыр.

Инженерлік-консультациялық қызмет көрсетумен айналысатын әлемге әйгілі «Бюро Хапполд Инжиниринг» компаниясының төрағасы Майк Кук те ЭКСПО-ны көруді тағатсыздана күтіп жүргенін айтады. 

Майк Кук, Buro Happold Engineering компаниясының төрағасы: 

- Әрине Астанадағы көрменің әділ бағасын беру үшін маған ЭКСПО-ны өз көзіммен көру керек. Бірақ менің естігенім, мың рет көргенімнен артық болайын деп тұрған сияқты. Иә, бұл өте әлеуеті зор, әлемдік жоба. Көрме ұлы мереке – жаңа қаланың 20 жылдығы қарсаңында өтіп жатыр және шынымен де назар аударуға тұрарлық деуге болады. Әлем Астанаға көз тігіп, қос он жылда жеткен жетістіктерін көріп жатыр. Менің пікірімше, бұл қалада қандай қызықтар күтіп тұрғанын олар көз алдарына елестете алмаған сияқты. Мен бұл сапарды асыға күтіп отырмын.