Бундестаг депутаты: ЭКСПО Астананы құлпыртып жіберді

Бундестаг депутаты Юрген Климке елімізден алған ерекше әсерімен бөлісті. Саясаткер Астанадағы ауқымды шараның ашылуына арнайы қатысыпты.

Күллі әлем көз тіккен  бірегей шара баршаны таңдай қақтырды дейді ол. «Экспо қалашық талғамға сай тамаша салынған. Бұл ретте «Нұр Әлем» сферасының орны бөлек», - дейді Бундестаг депутаты.

Юрген Климке, Бундестаг депутаты: 

- Мен Астанаға  бірнеше рет табан тіреген едім. Бірақ бұл жолғы әсерімді айтып жеткізу мүмкін емес. ЭКСПО көрмесі елордаларыңызды ерекше құлпыртып жіберген. Мен оны нағыз болашақ қаласы дер едім. Айналасына нұрын шашып тұрған «Нұр Әлем» сферасының құрылымы өте керемет.Бас сұққан павильондарымның ішінде Қазақстанның ұсынған бастамалары мені қатты қызықтырды. Себебі онда энергияның барлық түрі паш етілген. Бұл ретте Неміс павильоны да  тың технологиялырын көрсетті.Көрмеде  қоршаған ортаға зиянын келтірмеудің барлық жолдары ұсынылған. Мәні мен мағынасы зор жиын көптің көңілінен шықты деп ойлаймын.