EXPO көрмесіндегі 1,5 мың еріктінің ауысымы аяқталды

EXPO-дағы еріктілердің алғашқы легі өз жұмысын аяқтады. Аймақтардан келіп, бір айы бойы көрмеде қызмет еткен 1,5 мың жас азамат үйлеріне қайтады.

Бұлар – Алматы мен Астана қалалары, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облысының белсенділері. Енді оларды басқа өңірдің жастары алмастырады.

Жалпы EXPO үшін Қазақстанда арнайы 6 мың ерікті дайындалып, олардың 4,5 мыңы іріктеліп алынды. Бұдан бөлек маңызды шарада 23 мемлекеттен келген 50 шетелдік ерікті қызмет етеді.

Мағжан Мырзағали, ерікті /Алматы/:

 EXPO керемет өтті. Бір ай тез өте шықты. EXPO-дан күткен нәрсенің бәрін алдым. Өте керемет ұйымдастырылып жатыр. Маған ұнады.

Дамир Мұратұлы, ерікті /Қостанай/:

Көптеген шетелдік журналистермен, еріктілермен танысып, әрі қарай қатынасып жүреміз деп білемін. EXPO үлкен деңгейде өтіп жатыр. Өзім үшін көптеген тәжірибе алдым. Тіл жағынан, адамдармен жұмыс істеу жағынан.