382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР Президентінің жүлдесі үшін самбодан Әлем кубогы басталады

  • 641
  • UPD: 22:08, 05.07.2017

Ертең Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін самбодан Әлем кубогы өтеді.

Додаға 16 елден келген 200-ден астам балуан 9 салмақ дәрежесінде белдеседі. Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі комитет төрағасының орынбасары арнайы ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Айта кетейік, дәстүрлі спорттық шара 3 күнге жалғасады.

Мун Гым, Халықаралық самбо федерациясының атқарушы комитетінің мүшесі:

- Менің ойымша, Қазақстанның жауынгерлік самбо күресі федерациясы жыл сайын осындай спорттық шара өткізіп, күрестің осы түрінің дамуына елеулі үлес қосып келеді. Самбо алдағы уақытта Олимпиада ойындарының бағдарламасына еніп жатса, таң қалмаймын. Жалпы Оңтүстік Корея елінде де жауынгерлік самбо күресі қарқынды дамып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы