378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Самбо: 16 мемлекеттің спортшылары Елбасы жүлдесін сарапқа салды

  • 651
  • UPD: 22:40, 06.07.2017

Елордада самбодан әлем кубогының кезеңі басталды.

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында ұйымдастырылған байрақты бәсекеге 16 мемлекеттің спортшылары қатысып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесін сарапқа салуға кірісті. Олардың арасында жауынгерлік самбо күресінің шеберлері де бар. Салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған мәртебелі меймандар қазақ жерінде жалауы желбіреген жарыстың мән-маңызы зор екендігін және оған кіл мықтылар жиылғанын атап өтті.

Махмұд Абдуллоев, жарыстың бас төрешісі (Тәжікстан):

– Бұл жарыс жыл сайын өткізіледі. Бірақ Астанада алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Оның үстіне Халықаралық самбо федерациясының кестесіне енген. Дүбірлі додаға 200-ден астам спортшы келді.

Ерлер және әйелдер арасындағы бәсеке 9 салмақ дәрежесі бойынша өтіп жатыр. Алғашқы алтын медальді өзбекстандық бойжеткен еншіледі. Ол финалда моңғолиялық әріптесін тізе бүктірді. Мұнан соң боз кілем төріне көтерілген отандасымыз Бағлан Ибрагим грузиндік әріптесіне 4:6 есебімен жеңіліп, күміске қанағат тұтты. Есесіне тағы бір жерлесіміз жауынгерлік самбо шебері Наурызбек Дәулетбаев өзбекстандық Лютфелло Сайдаматовтан басым түсіп, турнир жеңімпазы атанды.

Наурызбек Дәулетбаев, жарыс жеңімпазы:

– Бірінші, екінші кездесуімнен гөрі осы ақтық белдесу ауырлау болды. Әрине, финалға мықты қарсыластар шығады. Сондықтан қиындау болды. Ақтық белдесуге дейін екі белдесу өтті. Біреуі – қазақстандық, екіншісі – Қырғызстанның баласы.

Хабар 24 телеарнасы