384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ф.Шәріпова EXPO көрмесі аясында әлем чемпионы титулына таласады

  • 645
  • UPD: 23:41, 06.07.2017
Ф.Шәріпова EXPO көрмесі аясында әлем чемпионы титулына таласады Фото: sports.kz

26 тамызда Астанадағы EXPO 2017 көрмесі аясында кәсіпқой бокс кеші өтеді.

Бірінші жарыста Қазақстанның 22 жастағы кәсіби боксшы қызы Фируза Шарипова әлем чемпионы атағына күресетін болады. Бұл туралы Vesti.kz Expo 2017 көрмесінің сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Айта кетейік, кештің ұйымдастырушылары – халықаралық EXPO 2017 көрмесі және Фируза Шарипованың командасы.

«Астана ЭКСПО-2017» басшысы Ахметжан Есімов Шарипованың командасымен кездесіп, әлемге әйгілі отандық спортшылар мен ЭКСПО көрмесінің мақсаты бір екенін атап өтті. Оның айтуынша, көрменің басты мақсаты – Қазақстанның атын халықаралық деңгейге шығару.

«Мен әйелдер арасында кәсіби бокстан бірінші әлем чемпионы атануға үлкен мүмкіндік туғанына және бұл атақты Қазақстанда алатыныма қуаныштымын. Халықаралық EXPO 2017 көрмесі ұйымдастырушыларына және арнайы басқарма төрағасы Есімов Ахметжан Смағұлұлына осындай ауқымды форумда сөз сөйлеуіме мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіремін. Мен өз елімді жерге қаратпаймын, мен жақсы бокс көрсетемін!», – деп атап өтті Фируза Шәріпова.

Кәсіпқой бокс EXPO 2017 аумағындағы өзіне 6 мың көрермен жинай алатын Амфитеатрде өтеді.

Айта кетейік, 29 маусымда Мәскеуде өткен соңғы жекпе-жегінде Фируза ресейлік Бианка Пряшканы бірінші раундтан кейін жеңді. 26 тамызда өткен жекпе-жектен кейін ол Қазақстанда әйелдер арасында кәсіби бокстан бұл атаққа бірінші болып қол жеткізуі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы