386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сондерстің 16 қыркүйекте кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды

  • 417
Сондерстің 16 қыркүйекте кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды

Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерстің 16 қыркүйекте Вилли Монромен қолғап түйістіреді.

Кездесу 16 қыркүйекте Лондондағы «Коппер-Бокс» аренасында өтеді. Осы күні Лас-Вегаста WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес жұдырықтасады.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы орта салмақта абсолютті чемпион болу үшін Сондерстің иелігіндегі WBO титулын алуы қажет.

Еске салсақ, бастапқыда Сондерс міндетті үміткер Автандил Хурцидземен кездесуі керек еді, алайда шілдеге белгіленген жекпе-жек грузиннің қамауға алынуына байланысты өтпей қалған.

Ал Монро осыған дейінгі жекпе-жегін өткен жылдың қыркүйегінде өткізген. Сол кезде ол отандасы Габриэль Росадоны қазылар алқасының бірауыздан жасаған шешімі бойынша жеңді. 2015 жылдың мамырында Монро Головкиннен алтыншы раундта жеңіліп қалған еді.

Ал Сондерс рингке соңғы рет 2016 жылдың желтоқсанында көтерілген, сол кезде ол ресейлік боксшы Артур Акавовоты әрең жеңген.

 

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы