378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық самбистер əлем кубогында алда келеді

  • 619
  • UPD: 15:13, 10.07.2017
Қазақстандық самбистер əлем кубогында алда келеді 24sport.by

Қазақстан құрамасы Астанада өтіп жатқан ҚР Тұңғыш Президенті сыйлығына əйелдер мен ерлер арасындағы самбо күресінен жəне əскери самбодан әлем чемпионатында топ жаруда, деп хабарлайды елорда əкімдігінің медиа орталығы. 

Үш күннің қорытындысы бойынша біздің құрамада 10 алтын, 9 күміс жəне 29 қола медаль.

Бүгін «Дəулет» спорт кешенінде шешуші ақтық кездесу. Турнирдің қортынды нәтижесі демалыс күндері белгілі болады деп күтілуде.

«Бүгін EXPO-2017 көрмесі аясында 3 күн өткен турнир аяқталады. 3 күннің қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасы топ басында. Қазір бізде 10 алтын медаль. Бірақ əлі алда ақтық кездесулер бар. Біз жеңімпаз болып қаламыз деп ойлаймын. Грузиядан, Германиядан жəне өзге де елдерден мықты спортшылар келді. Төбелеске қатысушылар мен жаттықтырушылар EXPO-2017 көрмесіне шақырылады», деді медиа орталық тілшісіне ҚР спорттық жəне əскери самбо федерациясының президенті, EXPO комиссары Рапиль Жошыбаев.

Жарысқа 16 мемлекеттен 200-ден астам самбист қатысты. Олардың ішінде Армения, Əзербайжан, Беларусь, Болгария, Германия, Грузия, Молдова, Ресей, Румыния, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Оңтүстік Корея, Жапония, Тəжікстан жəне АҚШ бар. Басты жүлде 9 салмақ дəрежесі өкілдері 52, 57, 62, 68, 74, 84, 90, 100 келі және одан жоғары салмақта əйелдер мен ерлер арасында сарапқа салынады. 

Хабар 24 телеарнасы