389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан құрамасы бокстан әлем чемпионатына толық құрамда қатысатын болды

  • 569
  • UPD: 14:39, 12.07.2017
Қазақстан құрамасы бокстан әлем чемпионатына толық құрамда қатысатын болды kaz.vesti.kz

Мырзағали Айтжанов баптайтын бокстан Қазақстанның ерлер құрамасы Германияның Галле қаласында өтетін әлем чемпионатына толық құрамда қатысатын болды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлайды.

Негізі Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына 9 салмақта лицензия жеңіп алған болатын.

Шілде айында AIBA-дан Қазақстан бокс федерациясына қуанышты хабар жетіпті. 49 келі салмақта өнер көрсететін индонезиялық боксшы Корнелиус Квангу Лангу лицензиясынан бас тартыпты. Ал Ташкент төрінде Квангу Лангу мен қазақстандық боксшы Ержан Жомарт қосымша лицензияны сарапқа салып, индонезиялық боксшының мерейі үстем болған еді. 

AIBA-ның ережесі бойынша егер лицензия жеңіп алған боксшы жолдамадан бас тартатын болса, онда ол жолдама қарсыласқа бұйырады. Осылай ҚФБ Ержан Жомарттың әлем чемпионатына қатысатынын ресми растады. Осылайша, Галледегі әлем чемпионаты Қазақстан құрамасы толық 10 салмақ бойынша қатысады.

Қазіргі уақытта Ержан Жомарт командамен бірге оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Жалпы әлем чемпионатының алдында Қазақстан құрамасы екі оқу-жаттығудан өтеді. Оның біріншісі бүгін, 12 шілде күні Алматыдағы AIBA академиясында бастаса, екіншісі 10 тамыз күні Астана қаласында өтеді. 

Ақпарат көзі: kaz.vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы