386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана арландары» ашық жаттығу өткізді

  • 521
  • UPD: 19:46, 12.07.2017

Бүкіләлемдік бокс сериясының финалдық кездесуіне дайындалып жатқан «Астана арландары» ашық жаттығу өткізді.

Айта кетейік, 15 шілдеде қазақ боксшылары кубалықтармен жұдырықтасады. Бас бапкер Нұрлан Ақұрпеков жекпе-жекке шығатын 10 боксшының есімін күні бұрын атап қойған. Куба «қабыландары» – азулы қарсылас. Құрамында үш бірдей олимпиада чемпионы жүр.

75 келілік салмақта өнер көрсететін Әбілхан Аманқұлдың қарсыласы – Арлен Лопес. Роньел Иглесиас Сотолонго Асланбек Шымбергеновпен кездеседі. 81 келідегі Арман Рысбек Хулио Сесар Ла Крустың шамасын байқайды. Эрисланди Савон мен Йоханус Аргилагостың есімдері де елге әйгілі. Екеуі де Рио Олимпиадасында жүлде алды. Савон – Антон Пинчукке қарсылас. Йоханус Теміртас Жүсіповпен жұдырықтасады. «Арландардың» капитаны Олжас Сәттібаев Йосвани Вейтияның осал тұсын іздейді.

Олжас Сәттібаев, «Астана арландарының» капитаны:

- Командамыз дайындық жағынан өте жақсы. Бапкерлерімізге, аға жаттықтырушыларымызға рахмет. Осы финалға дейін балалардың бабын сақтап, жақсы деңгейге жеткізгендері үшін алғыс білдіреміз.

Нұрлан Ақүрпеков, «Астана арландарының» бас бапкері:

- Аттарынан ат үркетін айтулы жігіттердің бәрін алып келген екен. Енді біз де олардан бұғып қалып, қорқып отырған жоқпыз. Күніге жаңағы видеоларды қарап, қандай айла-тәсілдер қолданатынымызды, қандай спортшылар шығаратынымызды, бәрін тиянақтап қойдым.

Хабар 24 телеарнасы