389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкинге Альварестің осал тұстары айтылды

  • 580
  • UPD: 16:16, 13.07.2017
Головкинге Альварестің осал тұстары айтылды DalaNews.kz

GGG Альвареспен жұдырықтасқанда «ескі әрі тексеруден өткен» әдістерді қолданғаны жөн дейді кеңесшілер.

Журналист Рич Чейни Boxing News Results сайтында жариялаған мақаласында орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге (37-0, 33 КО) мексикалық Сауль «Канело» Альваресті (49-1-1, 34 КО) жеңу үшін «ескі әрі тексерілген» стратегияларды пайдалануға кеңес берді, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұның алдында Головкин өзінің бапкері Абель Санчестің жекпе-жекке қатысты бірнеше жаңа ойы барын айтқан. Мақала авторының пікірінше, «Канеломен» жұдырықтасқанда Головкин келесі жоспарды ұстану керек:

– Соққыны үздіксіз жасап, «Канелоны» нокаутқа түсіруге тырысу;

– қашықтықтан джебпен ұру, бұл «Канелоның» кемшіліктері алдында оны басым етеді – қолдың қысқалығы және қашықтықтан жұдырықтаса алмау;

– жекпе-жекті үздіксіз шабуылдан бастап, «Канелоның» шыдамдылығы жоғын пайдалану және оны арқанға асылып демалуына жол бермеу;

– «Канелоның» сол жақ контрахугынан сақтанып, өзіңді қорғауды да ұмытпау керек, сосын оның ішінен соққы жасау қажет, оның ең осал тұсынан;

«Канелоның» денесінен соққы жасап, кірпіш дуал сияқты басына тиіспеу керек. Оны басынан ұрып құлату қиын, есесіне денесінен ұрған тиімді. Остин Трауд және Флойд Мейвезер осыған ұқсас амалдар жасаған. Олар мексикалық панчер жұдырықтасқан боксшылардан ақылдырақ болды;

– Альвареске жақын келгенде басымдық беріп қоймау, – делінген ескертпеде.

Айта кетейік, екі боксшы арасындағы жекпе-жек Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) өтетіні ресми түрде жарияланды. «Канело» – Головкин жекпе-жегі 16 қыркүйек күні T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық «The Ring» журналының белбеуін бәске тігеді.

Хабар 24 телеарнасы