386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана арландары» мен Cuba Domadores жекпе-жегі тартысты өтіп жатыр

  • 920
  • UPD: 17:39, 15.07.2017

Астанада Бүкіләлемдік бокс сериясының финалы өтіп жатыр.

Биыл ақтық айқасқа жергілікті «Арландар» мен кубалық «Қабыландар» шығып отыр. Қазақстандық команда алғашқы 2 кездесуді айқын жеңіспен аяқтады. Жеңіл салмақтағы Теміртас Жүсіпов төрешілер шешімімен жеңімпаз атанса, 52 келідегі Олжас Сәттібаев есеп айырмасын еселеді. Ал ауыр салмақтағы Антон Пинчук қарсыласына жол берді. Әзірге есеп: 2-де - 1. Айта кетейік, Астана Арландары осымен 4-рет Бүкіләлемдік бокс сериясының финалына шығып отыр және 2 дүркін чемпион атанды. Егер бүгінгі кездесуде тағы да жеңіске жетсе, 3 дүркін чемпион атанған алғашқы команда болмақ. Бокс кешін «Хабар» арнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады.

Хабар 24 телеарнасы